WorldSkills Kazakhstan қамқоршылық кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 30 cәуірдегі № 62-ө өкімі

Қолданыстағы

      WorldSkills International халықаралық ұйымының стандарттарына сәйкес кәсіптік білім беруді дамыту, экономиканы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және кәсіптік даярлаудың рөлін арттыру үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының күшін біріктіру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда WorldSkills Kazakhstan қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 62-ө өкімімен
бекітілген

WorldSkills Kazakhstan қамқоршылық кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. WorldSkills Kazakhstan қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2. Кеңестің негізгі міндеті

      5. Кеңестің негізгі міндеті:

      1) Worldskills Kazakhstan қозғалысын дамытудың негізгі бағыттары;

      2) Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындары базасында корпоративтік, салалық, өңіраралық чемпионаттарды (WorldSkills Hi-Tech, AgroSkills, DigitalSkills, LogisticSkills) өткізу жүйесін дамыту;

      3) Қазақстан Республикасында WorldSkills қозғалысын дамытуға бизнесті тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі

      6. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 62-ө өкіміне
қосымша

WorldSkills Kazakhstan қамқоршылық кеңесінің құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, төрағасы;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті, хатшы (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      "Республикалық кен өндіру және кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша);

      "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      "Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" қауымдастығының директоры (келісу бойынша);

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары;

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары;

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары;

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

      Алматы облысы әкімінің орынбасары;

      Атырау облысы әкімінің орынбасары;

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

      Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары;

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары;

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.