Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөнінде ұлттық кеңес құру және "Біліктілік жөнінде ұлттық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 119-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 226-ө өкімі.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. "Біліктілік жөнінде ұлттық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 119-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 226-ө өкіміне
қосымша

Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөніндегі ұлттық кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының президенті, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      "KAZLOGISTICS" көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің (Қазақстан көлікшілері одағы) бас директоры (келісу бойынша)

      "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы адами ресурстарды басқару жөніндегі директор (келісу бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 286-ө өкіміне
2-қосымша

Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөніндегі ұлттық кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      4. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуді дамыту мәселелері;

      2) еңбек нарығын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді дамыту;

      3) Ұлттық біліктілік жүйесін дамытудың еңбек нарығы мен кадрлар даярлау жүйесі арасындағы байланысты нығайту жөніндегі негізгі бағыттарын әзірлеуі бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.

3-тарау. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуы мен тәртібі

      6. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.