Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.
Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында:
1. Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 224-ө өкімімен бекітілген |
Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Ақмола облысының әкімі
Ақтөбе облысының әкімі
Алматы облысының әкімі
Атырау облысының әкімі
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Жамбыл облысының әкімі
Қарағанды облысының әкімі
Қостанай облысының әкімі
Қызылорда облысының әкімі
Маңғыстау облысының әкімі
Павлодар облысының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Түркістан облысының әкімі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
Шымкент қаласынын әкімі
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Kazakh Export" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 224-ө өкімімен бекітілген |
Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты импортты алмастыру және экспортты ілгерілету мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
2. Комиссияның міндеті
6. Комиссияның негізгі міндеті импортты алмастыру және экспортты ілгерілету мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияны ұйымдастыру мен оның жұмыс тәртібі
7. Комиссияны ұйымдастыру мен оның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.