"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Экспорттық-импорттық операцияларға арналған "бірыңғай терезе" тетігін енгізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес Комиссияның құрамы;
2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
4. Осы өкімге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы 8-ө өкіміне 1-қосымша |
Экспорттық-импорттық операцияларға арналған "бірыңғай терезе" тетігін енгізу жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 8-ө өкіміне 2-қосымша |
Экспорттық-импорттық операцияларға арналған "бірыңғай терезе" тетігін енгізу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Экспорттық-импорттық операцияларға арналған "бірыңғай терезе" тетігін енгізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссияның мақсаты экспорттық-импорттық операцияларға арналған "бірыңғай терезе" тетігін енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссияның отырысы қажеттігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.
2. Комиссияның міндеті
6. Комиссияның негізгі міндеті:
1) функцияларына экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға арналған "бірыңғай терезе" тетігін енгізу жөніндегі экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін рұқсат құжаттарын беру кіретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
2) экспорттық-импорттық операцияларға арналған "бірыңғай терезе" тетігін енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 8-ө өкіміне 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 9-ө өкімінде:
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға".
2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "Электрондық үкімет" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры, хатшы";
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Астана қаласы әкімінің орынбасары
Павлодар облысы әкімінің орынбасары";
көрсетілген өкіммен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комиссия отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі.
6. Комиссияның негізгі міндеті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілуге жататын, мемлекеттік қызметтердің тізбесін қарау нәтижелері бойынша, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.".
3. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары";
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға";
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары".
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:
1-тармақтың 7) тармақшасы, 2-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары";
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі".
6. "Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі комиссия құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға".
7. "Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кұрамында:
"Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі".
8. "Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 28-ө өкімінде:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.А. Досаевқа жүктелсін.".
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкімінде:
Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі" деген жолдар алып тасталсын.
10. "Астана" халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 45-ө өкімінде:
"Астана" халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі комиссия құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға".
11. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 76-ө өкімінде:
1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақтың 1) және 3) тармақшалары алып тасталсын.
12. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкімінде:
1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақтың 1) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға";
"Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі";
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комиссияның негізгі міндеті тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету және сыртқы сауданы реттеу құралдарын қолдануды, халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуды, халықаралық шарттар жасасуды, үшінші елдермен сауда мәселелерін реттеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде:
1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) уақытша шараларды қоса алғанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық шараларды қолданудың орындылығы туралы ұсыныстарды қарау;
3) жауап шараларды қолдану, сондай-ақ халықаралық санкцияларға қатысу шеңберінде қолданылатын шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу шеңберінде сыртқы сауда мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының келіссөздік ұстанымына ұсыныстар әзірлеу;
5) Дүниежүзілік сауда ұйымының Сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша келісімін іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады".
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 8-ө өкіміне 4-қосымша |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің күші жойылатын шешімдерінің тізбесі
1. "Өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 66-ө өкімі.
2. "Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 127-ө өкімі.
3. "Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 22-ө өкімі.
4. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 60-ө өкімі.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 79-ө өкімінің 1-тармағының 1) тармақшасы, 2-тармағының 1) тармақшасы.
6. "Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 110-ө өкімі.
7. "Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 112-ө өкімі.
8. "Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 123-ө өкімі.
9. "Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражатын қайтару мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 2 қыркүйектегі № 125-ө өкімі.
10. "Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 22-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 126-ө өкімі.
11. "Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын қарау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 131-ө өкімі.