"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мынадай консультативтік-кеңесші органдар:
1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия;
2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
3) осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
3) Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 60-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төраға енгізілсін;
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол алып тасталсын;
Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы (келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (келісім бойынша)".
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздары № 114-ө өкіміне 1-қосымша |
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Департаментінің директоры, хатшы;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Ақмола облысының әкімі;
Алматы облысының әкімі;
Астана қаласының әкімі;
Алматы қаласының әкімі;
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ("Мемқала құрылысы кадастр" РМК) бас директоры (келісім бойынша);
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік коғамының вице-президенті (келісім бойынша);
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 13 тамыздары № 114-ө өкімімен бекітілген |
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
2. Комиссияның міндеттері
6. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) агломерацияларды дамыту моделін қалыптастыру;
2) республикалық және өңірлік нарықтарда агломерацияларды экономикалық тұрғыдан жайғастыру;
3) агломерациялардың ықпал ету аймағына кіретін шекаралар мен елді мекендерді (серіктес қалаларды, көршілес қалаларды, кенттерді, ауылдарды қоса алғанда) айқындау;
4) жерлерге түгендеу жүргізе отырып, ерекше қала құрылысын реттеуді белгілеу, агломерацияны дамыту мақсаттары үшін аумақтарды резервтеу (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистралдық инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл және "азық-түлік" белдеулері және басқалары);
5) озық инновациялық және технологиялық шешімдерді қолдана отырып, (әлемдік үрдістерді ескере отырып) өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік, телекоммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтік-мәдени және рекреациялық инфрақұрылымдарды үйлестіру жолымен агломерацияларды халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы орта құру (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы);
6) кластерлік дамуды қамтамасыз ету инфрақұрылымын қалыптастыру, құрылысқа жеке капиталды тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы инфрақұрылымдық объектілерді пайдалану;
7) инновациялық технологияларды қолдана отырып, агломерациялар инфрақұрылымын дамыту;
8) әлемдік бизнес үшін олардың тартымдылығын арттыру мақсатында агломерациялардың кәсіпкерлік ахуалын және имиджін жақсарту;
9) агломерацияларды қалыптастыру кезінде Астана және Алматы қалаларының бәсекелестік артықшылықтарын тиімді пайдалану;
10) астананың, республикалық маңызы бар қаланың және оларға іргелес облыстардың әкімдері арасындағы меморандумдардың мазмұны бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкіміне 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Департаментінің директоры, хатшы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-8 өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
2. Комиссияның міндеттері
5. Комиссияның негізгі міндеті сыртқы сауданы реттеу құралдарын қолдану, халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу, халықаралық шарттар жасасу, үшінші елдермен сауда мәселелерін реттеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады, оның ішінде:
1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) уақытша шараларды қоса алғанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық шараларды қолданудың орындылығы туралы ұсыныстарды қарау;
3) қарсы шараларды, сондай-ақ халықаралық санкцияларға қатысу шеңберінде қолданылатын шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу шеңберінде сыртқы сауда мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының келіссөздік ұстанымына ұсыныстар әзірлеу.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
6. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкіміне 3-қосымша |
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төраға; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Департаментінің директоры, хатшы;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкімімен бекітілген |
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында көзделген шараларды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ халықаралық шарттарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
2. Комиссияның міндеттері
6. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) елдегі экономикалық белсенділікті өзіне шоғырландыратын және елдің қалған бүкіл аумақтары үшін "локомотивтер" рөлін атқаратын "озыңқы" өсу аймақтарын (өсу полюстерін) қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік өңірлік саясатты жетілдіру;
2) экономикалық және еңбек ресурстарын ел аумағының ұтымды игерілуімен үйлестіре отырып, экономикалық тұрғыдан перспективалы және тыныс-тіршілік үшін қолайлы аудандарда шоғырландыру;
3) өңірлік деңгейде нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу;
4) қолайсыз аумақтардың проблемаларын шешу бойынша селективті қолдау көрсету;
5) өңірлердің даму перспективалары мен әлеуетін ескере отырып, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері, кредиттері есебінен қаржыландыру үшін салалық мемлекеттік органдар ұсынған инвестициялық жобалардың тізбесі (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жеткізген лимиттер шегінде);
6) халықты ауыз сумен қамтамасыз ету;
7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері;
8) өңірлік даму саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын тиімді іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.