Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 30-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 9-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссияның құрамына:
мыналар:
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі енгізілсін;
мына:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі (келісім бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (келісім бойынша)";
мына:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі";
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі" деген жолдар алып тасталсын.
2. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 60-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
мыналар:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) енгізілсін;
мына:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға";
мына:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі";
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі"
деген жолдар алып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамында:
мыналар:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі енгізілсін;
мына:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі" деген жол алып тасталсын.