"Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 129-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 118-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 129-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың құрамына:

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары шығарылсын.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев