"Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 146-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 148-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

      «Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 146-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:
      Дүйсенова          -     Қазақстан Республикасының Еңбек
      Тамара Босымбекқызы      және халықты әлеуметтік қорғау
                               министрі

      Қарабалин          -     Қазақстан Республикасының Мұнай
      Ұзақбай Сүлейменүлы      және газ министрі

      Шөкенов            -     Қазақстан Республикасының Президенті
      Қанат Бейбітұлы          Іс басқармасының Ресми іс-шаралар
                               және сыртқы байланыстар бөлімінің
                               меңгерушісі (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан: Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Серік Әбжәлиұлы Ахметов, Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов, Ли Гуангуи шығарылсын.

      Премьер-Министр                            С. Ахметов