«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері жөніндегі басқарушы комитетті құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 76-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.»;
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері жөніндегі басқарушы комитеттің құрамына:
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Экономикалық даму және сауда
министрі енгізілсін;
мына:
«Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серік Нығметұлы Министрінің бірінші орынбасары,
төрағаның орынбасары»
«Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және жаңа технологиялар министрі»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Ахметов - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы Премьер-Министрі, төраға»
«Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы Министрінің орынбасары – Қазақстан
Республикасының Индустрия және жаңа
технологиялар министрі, төрағаның
орынбасары»;
көрсетілген құрамнан: Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов, Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев шығарылсын.
Премьер-Министр С. Ахметов