Мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруге арналған жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 17 шілдедегі № 127-ө өкімі

Жаңартылған

      Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында:
      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі қызметті үйлестіруге арналған жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
      2. Жұмыс тобы мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды сапалы әрі уақтылы орындау жөніндегі қызметін үйлестірсін.

      Премьер-Министр                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 17 шілдедегі
№ 127-ө өкіміне   
қосымша       

Мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен
компаниялардың Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруге арналған
жұмыс тобы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші
      Ақмола облысының әкімі, жетекшінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, жетекшінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрінің міндетін атқарушы
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары
      Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Шекаралық бақылау бас басқармасы бастығының лауазымы бойынша уақытша міндетін атқарушы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаментінің директоры
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Агроөнеркәсіп кешені, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаментінің директоры
      «ҚазТрансОйл-Сервис» акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)