Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың өткізілу күні – 2017 жылғы 28 қаңтар – 8 ақпан болып белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.
3. Алматы қаласының әкімдігі:
1) Ұйымдастыру комитетінің жұмыс жоспарын дайындасын және 2012 жылғы 1 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) осы өкімді іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 25 сәуірдегі
№ 86-ө өкімімен
бекітілген
Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы
универсиаданы дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру
комитетінің құрамы
Мәсімов |
- |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Есімов |
- |
Алматы қаласының әкімі, төрағаның орынбасары |
Жұмағұлов |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары |
Ермегияев |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Досмұхамбетов |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Есентаев |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры, хатшы |
Әбіқаев |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Божко |
- |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Жәмішев |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Исекешев |
- |
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі |
Қайырбекова |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Нокин |
- |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы |
Отаров |
- |
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы |
Жошыбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
Әбілқасымова |
- |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
Ахметов |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Бектұров |
- |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Қырықбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Мұхамбетов |
- |
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Тыныбеков |
- |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Алшанов |
- |
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Зәкіриянов |
- |
Қазақстан Республикасы студенттік спорт федерациясының президенті (келісім бойынша) |
Пірәлиев |
- |
Алматы өңірі жоғары оқу орындарының ректорлары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры |