Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы бірлескен экономикалық "Жаңа синергия" бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 72-ө Өкімі

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің және Түркия Республикасы Президентінің қамқорлығымен бірлескен экономикалық «Жаңа синергия» бағдарламасының жобасын (бұдан әрі – Бағдарламаның жобасы) және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Рау
Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, жетекші

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Раев
Олжас Қайырбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы

Нұрымбетов
Біржан Бидайбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі

Тыныбеков
Қайрат Сағатханұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Толыбаев
Марат Еркінұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Хаиров
Ерлан Қартайұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары

Мұқаш
Ержан Серікұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Түркия департаментінің директоры

Қизатов
Олжас Төлегенұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Үйлестіру департаменті басқармасының бастығы (келісім бойынша)

Әлмұхамбетов
Орал Жексембайұлы

-

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Инвестициялық жобалар департаментінің директоры (келісім бойынша)

Құнанбаев
Ерден Әшірбекұлы

-

«Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)

Ердебай
Дәурен Иманжанұлы

-

«Біріккен химиялық компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Мусина
Лилия Сәкенқызы

-

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы алты ай мерзімде Бағдарламаның жобасын әзірлесін және түрік тарапымен келіссін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов