«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 11-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлуде:
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р.Әбдірахымов» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Е.Ж.Қошанов».
Премьер-Министр К. Мәсімов