"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 44-ө Өкімі

Жаңартылған

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 44-ө өкімімен    
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске
асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің
2012.08.13 № 149-ө Өкiмiмен.

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ЭДСМ, БҒМ, ККМ

2012 жылғы тамыз

2.

Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау қағидаларын, сондай-ақ қорытындының нысаны мен оны беру тәртібін бекіту туралы және «Келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1449 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ЭДСМ, БҒМ, ККМ

2012 жылғы тамыз

3.

Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ЭДСМ, ККМ

2012 жылғы тамыз

4.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ЭДСМ, ККМ

2012 жылғы тамыз

5.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ, ИЖТМ

2012 жылғы наурыз

6.

Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, ЭДСМ

2012 жылғы наурыз

7.

«Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1705 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ЭДСМ

2012 жылғы наурыз

8.

«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ЭДСМ

2012 жылғы наурыз

9.

«Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ЭДСМ

2012 жылғы наурыз

10.

«Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ЭДСМ

2012 жылғы наурыз

11.

«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647  бұйрығынаөзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

Қаржымині

2012 жылғы наурыз

12.

«Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

Еңбекмині

2012 жылғы наурыз

13.

«Кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 320-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

Еңбекмині

2012 жылғы наурыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі