Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 128-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 140-ө Өкімі

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 128-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер тізбесінде:
      реттік нөмірлері 1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 19, 142, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 154, 191, 194, 208, 209, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 251, 259, 260-жолдардың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 жылғы қазан»;
      реттік нөмірі 140-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

140.

Астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі қағидаларын, астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, астық қолхаттарын шығару, алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ, ЭДСМ

2011 жылғы қазан

                                                                 »;
      реттік нөмірі 153-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 210-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 жылғы желтоқсан»;
      реттік нөмірі 231-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

231.

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есеп құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есептілікті беру мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ, ЭДСМ

2011 жылғы қазан

                                                                ».

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов