«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 61-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев» деген бөлім мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Алтын өндіру саласын дамыту (барлау, өндіру, қайта өңдеу, өткізу және әкелу-әкету) мәселелері.».
Премьер-Министр К. Мәсімов