«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту бойынша сапалы ведомствоаралық өзара іс-қимылды және тиімді шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері жөніндегі басқарушы комитет, оған «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелерін үйлестіру жөніндегі функцияларды жүктей отырып, құрылсын.
2. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 76-ө өкіміне
қосымша
«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын
дамыту мәселелері жөніндегі басқарушы комитеттің
құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Исекешев - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия және
жаңа технологиялар министрі, төрағаның
орынбасары
Келімбетов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы даму және сауда министрі
Әшім - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрғали Сәдуақасұлы ортаны қорғау министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы ақпарат министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы сақтау министрі
Камалиев - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы коммуникация министрі
Нокин - Қазақстан Республикасының Құрылыс және
Серік Кеңесұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері
агенттігінің төрағасы
Есімов - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы
Мұсаханов - Алматы облысының әкімі
Анзар Тұрсынханұлы
Әбдібеков - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Нұрмұхамбет Қанапияұлы жаңа технологиялар вице-министрі
Құлыбаев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Тимур Асқарұлы акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Құлсейітов - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік
Айдын Жеңісұлы қоғамының Басқарма төрағасы
(келісім бойынша)