"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының құрамына кіретін, акциялары қор нарығында орналастыруға арналған компаниялардың тізбесін айқындау мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 13-ө Өкімі

Қолданыстағы

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) құрамына кіретін, акциялары қор нарығында орналастыруға арналған компаниялардың тізбесін айқындау мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мәсімов                    - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы            Премьер-Министрі, жетекші

Жәмішев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы            министрі, жетекшінің орынбасары

Өтепов                     - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Эдуард Карлович              Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                             комитетінің төрағасы, хатшы

Марченко                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович       төрағасы (келісім бойынша)

Paу                        - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович             және жаңа технологиялар бірінші
                             вице-министрі

Жұмағалиев                 - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы              ақпарат министрі

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы        коммуникация министрі

Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы          газ министрі

Айтжанова                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы          даму және сауда министрі

Бахмутова                  - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен
Елена Леонидовна             қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
                             агенттігінің төрайымы (келісім бойынша)

Арыстанов                  - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Аркен Кеңесбекұлы            өңірлік қаржы орталығының қызметін
                             реттеу агенттігінің төрағасы
                             (келісім бойынша)

Келімбетов                 - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Қайрат Нематұлы              акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                             (келісім бойынша)

Дәмітов                    - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік
Қадыржан Қабдошұлы           қоғамының президенті (келісім бойынша)

Шериазданов                - «Қазпочта» акционерлік қоғамының
Салауат Қалымғазыұлы         басқарма төрағасының міндетін атқарушы
                             (келісім бойынша)

Ақанов                     - Қазақстанның қаржыгерлер
Серік Ахметжанұлы            қауымдастығының төрағасы
                             (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы Қордың құрамына кіретін, акциялары қор нарығында
орналастыруға арналған компаниялардың тізбесін айқындау мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов