Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 106-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 133-ө Өкімі

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 106-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      8-тармақта:
      «қыркүйекке» деген сөз «желтоқсанға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «Экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 4-жолда:
      4-бағандағы «ЭБЖМ» деген аббревиатура «ЭДСМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      5-бағандағы «15 тамыз» деген сөздер «1 қараша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі».

      Премьер-Министр                                  К. Мәсімов