Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингінің индикаторларын мемлекеттік органдарға бекітіп беру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 164-ө Өкімі

Қолданыстағы

      Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің индикаторларын мемлекеттік органдарға бекітіп беру бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев «Халықаралық сауда» және «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторлары бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарын құрсын.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

 
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 164-ө өкімімен   
      бекітілген      

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің
индикаторларын мемлекеттік органдарға бекітіп беру

Р/с

Индикатор

Мемлекеттік орган

Сараптама тобының жетекшісі

1

2

3

4

1

Кәсіпорындар ашу

Әділетмині

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы

2

Меншікті тіркеу

Әділетмині

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы

3

Құрылысқа рұқсат алу

ҚжТКШІА

Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары

4

Кәсіпорындарды тарату

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

5

Кредит алу:

- кредит тарихының
тереңдігінің индексі бойынша;

- мемлекеттік кредит тізілімін қамту индикаторы бойынша;

- жеке кредит бюросын қамту индикаторы бойынша;

- заңды құқықтық индексінің кепілсалымы туралы заңнама бойынша 8 құрауыш бойынша;

ҚҚА

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрайымының орынбасары

- заңды құқықтар индексінің банкроттық туралы заңнама бойынша 2 құрауыш бойынша;

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

6

Инвесторларды қорғау

ҚҚА

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрайымының орынбасары

7

Халықаралық сауда

ЭДСМ, Қаржымині

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі

8

Салық салу

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

9

Келісімшарттарды орындау

Әділетмині, ЖС (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы

10

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу

ИЖТМ

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

11

Қызметкердің құқықтарын қорғау

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі