1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған "Ауыл жастары" жалпыұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар:
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жылына екі рет 20 маусымға және 20 желтоқсанға Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 25 мамырдағы
N 76-ө өкімімен
бекітілген
2009 - 2011 жылдарға арналған "Ауыл жастары" жалпыұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N |
Іс-шара |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Болжамды шығыстар, млн. теңге |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Ауыл жастары проблемаларының мониторингі және талдау |
||||||
1. |
Жастар, оның ішінде ауыл жастары арасындағы ахуалдың әлеуметтанушылық диагностика жоспарларын дайындау |
Әлеуметтанушылық диагностика жоспары |
БҒМ, Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Қызылорда облыстарын қоспағанда |
2010-2011 жылдар жыл сайын 20 қаңтарға |
Талап етілмейді |
|
2. |
Ауыл жастарының өзекті проблемаларын, жастар ұйымдарының белсенділігін анықтау жөнінде, оның ішінде мониторингті одан әрі жүзеге асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өңірлік зерттеулер жүргізу |
Үкіметке ақпарат |
БҒМ (жинақтау), Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Қызылорда облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 10 қаңтар 10 шілде |
2009 ж. - 9,57 2010 ж. - 6,87 2011 ж. - 7,80 |
Жергілікті бюджет |
3. |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өңірлер бөлінісінде ауылдағы жастар үшін әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйін талдауды жүргізу |
Үкіметке ақпарат |
БҒМ |
2011 жылғы 10 қаңтар |
2010 ж. - 3,15 |
Республикалық бюджет |
4. |
Ауыл жастарының жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздығы мониторингін жүзеге асыру |
Үкіметке ақпарат |
БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
2009-2011 жылдар 10 қаңтар 10 шілде |
Талап етілмейді |
|
5. |
"Ауыл жастары" жалпыұлттық бастамасын іске асыру тиімділігінің мониторингін жүргізу |
Президент Әкімшілігіне, Үкіметке ақпарат |
БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, МАМ, АШМ, ДСМ, ТСМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
2009-2011 жылдар 10 қаңтар 10 шілде |
Талап етілмейді |
|
2. Ауыл жастарының әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, оның ішінде білім, денсаулық сақтау қол жетімділігін, жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету, жас отбасыларға қолдау көрсету жөніндегі шараларды жүзеге асыру |
||||||
6. |
Ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша еңбек адамының жағымды келбетін насихаттауды және жасауды қамтамасыз ету |
Медиа-жоспар |
БҒМ (жинақтау), МАМ |
2009 - 2010 жылдар 4 тоқсан |
Талап етілмейді |
|
7. |
Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша квота шеңберінде оқуды аяқтаған ауылдық жерлерде орналасқан білім беру және медицина ұйымдарына жеке орналасу бөлінісіне ие болған азаматтардың жұмысқа орналасу мониторингін жүргізу |
БҒМ-ге ақпарат |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
|
8. |
Білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен оқу орындарын бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыра отырып, олардың өндірістік практикасын ұйымдастыру жөнінде шарттар жасау жөніндегі жұмысты жандандыру |
Үкіметке ақпарат |
БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
2009-2011 жылдар 10 қаңтар 10 шілде |
Талап етілмейді |
|
9. |
Ауылда ауыл шаруашылығы емес бизнесті қаржыландыруды ұлғайту |
БҒМ-ге ақпарат |
АШМ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ, облыстардың әкімдері |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж.- 500,00 2010 ж. - 500,00 2011 ж. - 500,00 |
Республикалық бюджет |
10. |
Ауыл жастарын "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының көгалдандыру жұмыстарына тарту |
БҒМ-ге ақпарат |
АШМ, облыстардың әкімдері, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2010 жылдар 10 желтоқсан |
2009 ж.- 98,56 2010 ж. - 102,73 2011 ж. - 92,91 |
Жергілікті бюджет |
11. |
Жұмыссыз ауыл жастары үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж.- 9,62 2010 ж. - 8,91 2011 ж. - 9,73 |
Жергілікті бюджет |
12. |
Ауыл жастарына арасында ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес-жоспарлар конкурстарын өткізу және ауыл жастары үшін бизнес-клубтар қызметін ұйымдастыру |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар облыстарының әкімдері |
2009 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 1,90 2010 ж. - 1,00 2011 ж. - 1,00 |
Жергілікті бюджет |
13. |
Ауыл жастары арасында ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін талап етілетін мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 883,99 2010 ж. - 983,75 2011 ж. - 1 077,37 |
Жергілікті бюджет |
14. |
Ауылдық жерлерде жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін білім беру, консультациялық және басқа да қызметтер көрсетуді және жастарға қызмет көрсету қызметтерінің, орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 48,77 2010 ж. - 53,95 2011 ж. - 60,42 |
Жергілікті бюджет |
15. |
Ауыл жастарына, оның ішінде ауылдың жас дарындарына гранттар, сыйлықақылар және сыйақылар бөлу |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 98,66 2010 ж. - 100,28 2011 ж. - 105,82 |
Жергілікті бюджет |
3. Ауылда ақпараттық теңсіздікті төмендету (БАҚ-қа мемлекеттік ақпараттық тапсырыс) |
||||||
16. |
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жастар бюллетеньдерін, журналдарын шығару және басып шығару |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж.- 11,19 2010 ж. - 10,83 2011 ж. - 11,33 |
Жергілікті бюджет |
17. |
Ауыл жастары үшін мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен мемлекеттік кепілдіктер туралы және ауылдағы жастар арасында ақпараттық теңсіздікті төмендету туралы ақпараттық материалдар жариялау |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 8,63 2010 ж. - 8,44 2011 ж. - 8,81 |
Жергілікті бюджет |
18. |
Ауыл жастары тақырыбы бойынша телерадиобағдарламалар, ток-шоулар шығару және дамыту |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 10,39 2010 ж. - 9,46 2011 ж. - 8,90 |
Жергілікті бюджет |
19. |
Ауыл жастарына арналған ақпараттық Web-портал құру және дамыту, ауылдық жерлерде интернет-кафе, интернет-сыныптар, компьютерлік курстар, кітапханалар, ақпараттық-ресурстық орталықтар ашу, сондай-ақ ауыл жастарын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету |
БҒМ-ге ақпарат |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 22,07 2010 ж. - 18,61 2011 ж. - 25,36 |
Жергілікті бюджет |
4. Ауылға келетін жас мамандарды қолдау (көтерме ақы, жеңілдетілген кредиттер беру) |
||||||
20. |
Жыл сайын әлеуметтік әріптестік шеңберінде ауыл жастарының арасынан азаматтарды жоғары оқу орындарында оқыту туралы мәселені қарау |
Үкіметке ақпарат |
БҒМ (жинақтау), Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
2009-2011 жылдар 10 қазан |
Талап етілмейді |
|
21. |
Ауылдық жерлерге жіберілген жас мамандарға материалдық көмек көрсетуді қамтамасыз ету |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының әкімдері |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 8,30 2010 ж. - 13,18 2011 ж. - 13,02 |
Жергілікті бюджет |
22. |
Ауылдық жерлерге келген жас мамандарға біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдері |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 39,63 2010 ж. - 47,56 2011 ж. - 52,99 |
Жергілікті бюджет |
5. Үкіметтік емес ауыл жастары ұйымдарын дамыту және қолдау (жергілікті бюджет шеңберіндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс) |
||||||
23. |
Ауыл жастары ұйымдары арасында әлеуметтік маңызды жобалардың конкурстарын ұйымдастыру және өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 20,00 2010 ж. - 24,04 2011 ж. - 25,04 |
Жергілікті бюджет |
24. |
Ауыл жастары ұйымдарын дамыту жөнінде іс-шаралар өткізу және олардың қызметін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының әкімдері |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 10,79 2010 ж. - 11,80 2011 ж. - 6,59 |
Жергілікті бюджет |
6. Ауыл жастары ортасында азаматтық қатысу мен көшбасшылық дағдылар деңгейін арттыру |
||||||
25. |
Ауыл жастарының проблемалары бойынша барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің отырыстарын өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
2009 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 2,15 |
Жергілікті бюджет |
26. |
Ауыл жастарының қатысуымен Қазақстан патриоттарының республикалық жыл сайынғы форумын өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
МАМ |
2009-2011 жылдар 20 желтоқсан |
2009 ж. - 22,00 2010 ж. - 27,00 2011 ж. - 32,00 |
Республикалық бюджет |
27. |
Ауыл жастарының "Рауан" республикалық жыл сайынғы слетін өткізу |
Үкіметке ақпарат |
БҒМ |
2010-2011 жылдар 10 қаңтар 10 шілде |
2009 ж. - 4,50 2010 ж. - 4,60 2011 ж. - 4,70 |
Республикалық бюджет |
28. |
Ауыл жастарының басымды қатысуымен азаматтылық пен патриотизмді дамыту проблемалары жөнінде өңірлік форумдар, слеттер, жиындар, ғылыми-практикалық конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Оңтүстік Қазақстан облысын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 12,47 2010 ж. - 11,19 2011 ж. - 10,83 |
Жергілікті бюджет |
29. |
Ауылдағы жастардың азаматтылығы мен патриотизмін дамыту жөнінде жазғы мектептер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, дәрістер және басқа да іс-шаралар өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 7,80 2010 ж. - 5,84 2011 ж. - 5,55 |
Жергілікті бюджет |
30. |
Ауыл жастарының азаматтылығы мен патриотизмін дамыту үшін клубтар, жастар парламенттерін ұйымдастыру және конкурстар, фестивальдер, жәрмеңкелер, олимпиадалар, саяхаттар, акциялар, айлықтар, керуендер, үгітжүрулер және басқа да іс-шаралар өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 14,21 2010 ж - 14,86 2011 ж. - 14,16 |
Жергілікті бюджет |
7. Жастар ортасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және девиантты көріністердің деңгейін төмендету (әлеуметтік қызметтер, спорттық конкурстар мен жарыстар, бос уақыт) |
||||||
31. |
Қосымша білім беру ұйымдарының, аулалық клубтардың, спорттық алаңдардың, секциялардың желісін кеңейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 833,60 2010 ж.- 1 281,48 2011 ж - 2 351,49 |
Жергілікті бюджет |
32. |
Салауатты өмір салтын насихаттау және ынталандыру бойынша жыл сайынғы Қатаркөл оқуларын өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
МАМ |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 3,56 2010 ж. - 4,03 2011 ж. - 4,32 |
Республикалық бюджет |
33. |
"Ақ бидай" ауылдық спорттық ойындарын өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
ТСМ |
2009 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 10,12 |
Республикалық бюджет |
34. |
Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына халықтық спорт ойындарын өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
ТСМ |
2010 жылғы 20 желтоқсан |
2010 ж. - 9,19 |
Республикалық бюджет |
35. |
Ауыл жастарының салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде конкурстар, спартакиадалар, турнирлер, акциялар және басқа да іс-шаралар өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009 жылғы 20 желтоқсан |
2009 ж. - 38,06 2010 ж. - 41,27 2011 ж. - 46 ,90 |
Жергілікті бюджет |
36. |
Ауыл жастарының девиантты көріністерінің деңгейін төмендету жөнінде еріктілер қозғалысын, сенім телефондарын және өзге де іс-шаралар ұйымдастыру |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 3,13 2010 ж. - 1,41 2011 ж. - 1,01 |
Жергілікті бюджет |
37. |
Жастар арасында "Біз ішімдіксіз өмірді қолдаймыз" атты кең ақпараттық науқанымен қоса "Ішімдіктен бас тарту күні" республикалық акциясын өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
ДСМ, МАМ, Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2010 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж.- 0,60 2010 ж. - 0,45 2009 ж.- 7,77 2010 ж. - 7,62 2011 ж. - 7,65 |
Республикалық бюджет Жергілікті бюджет |
38. |
Жастар арасында ЖЖЖИ, АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу жөнінде интерактивті көрмелер мен тренингтер өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
ДСМ, БҒМ, облыстардың әкімдері, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, ҮЕҰ |
2009-2010 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж.- 0,32 2010 ж. - 0,34 2009 ж. - 4,39 2010 ж. - 5,18 2011 ж. - 5,40 |
Республикалық бюджет Жергілікті бюджет |
8. Ауыл жастары арасында жас дарындарды дамыту және қолдау (конкурстар, сыйақылар, фестивальдер, көрмелер) |
||||||
39. |
Ауылдың жас дарындарын дамыту жөнінде конкурстар, фестивальдер, мастер-кластар және басқа да іс-шаралар өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 34,75 2010 ж. - 35,53 2011 ж. - 36,69 |
Жергілікті бюджет |
40. |
Өңірлердің шығармашылық ұжымдарының республикалық және халықаралық ауқымдағы фестивальдер мен конкурстарға қатысуы |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 11,71 2010 ж. - 11,36 2011 ж, - 11,20 |
Жергілікті бюджет |
9. Ауыл жастарының дамуы үшін жағдай жасау жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру |
||||||
41. |
Ауыл жастарының дамуы үшін жағдай жасау жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру |
Үкіметке ұсыныс |
АШМ, БҒМ, ДСМ, ЭБЖМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
2010 жылғы 10 қаңтар |
Талап етілмейді |
|
42. |
Мемлекеттік органдарының 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарлары шеңберінде "Ауыл жастары" жалпыұлттық бастамасын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау |
БҒМ-ге ақпарат |
БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, МАМ, АШМ, ДСМ, ТСМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
2010-2011 жылдар 10 қаңтар 10 шілде |
Талап етілмейді |
|
43. |
Ауыл жастарының дамуы үшін жағдай жасау жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу |
БҒМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, облыстардың әкімдері, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда |
2009-2011 жылдар 20 маусым, 20 желтоқсан |
2009 ж. - 12,84 2010 ж. - 13,46 2011 ж. - 13,69 |
Жергілікті бюджет |
|
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының барлығы: |
|
|
|
10 738,10 2009 ж. - 2 806,05 2010 ж. - 3 379,37 2011 ж. - 4 552,68 |
|
|
Оның ішінде: |
|
|
|
1 630,88 2009 ж. - 541,10 2010 ж. - 548,76 2011 ж. - 541,02 |
Республикалық бюджет |
|
|
|
|
|
9 107,22 2009 ж. - 2 264,95 2010 ж. - 2 830,61 2011 ж. - 4 011,66 |
Жергілікті бюджет |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
министрлігі
"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік
қоғамы
ЖЖЖИ - жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары