Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары меморандумдарының жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 287-ө Өкімі

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабында көзделген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары меморандумдарының жобалары (бұдан әрі меморандумдардың жобалары) бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы          орынбасары, жетекші

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы          бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшінің
                           орынбасары

Шәженова                 - Қазақстан Республикасы Экономика және
Дина Мэлсқызы              бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты
                           хатшысы, хатшы

Әбдірахымов              - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахметоллаұлы    Кеңсесінің Басшысы

Ыбыраев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Азамат Болатұлы            Кеңсесі Басшысының орынбасары

Кармазина                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Лена Мағауияқызы           бюджеттік жоспарлау вице-министрі

      2. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының бірінші басшылары 2008 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде меморандумдардың жобаларын әзірлесін және жұмыс тобының қарауына енгізсін.
      3. Жұмыс тобы 2008 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде меморандумдардың жобалары бойынша ұсыныстар әзірлесін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.

       Премьер-Министр                                      К. Мәсімов