"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 31 шілдедегі N 205-ө Өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бір ай мерзімде:

      1) "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр                                    К. Мәсімов