1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
2. Министрлер мен агенттік төрағалары өздері басқаратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық басымдықтары мен бағдарламалық құжаттарын іске асыру жөніндегі қызметі үшін дербес жауаптылықта болады деп белгіленсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 24 қаңтардағы
N№18-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Премьер-Министрінің орынбасарлары және
Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында
МІНДЕТТЕРДІ БӨЛУ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімов
Үкіметтің қызметіне басшылық жасау.
Экономикалық, қаржы және бюджет саясатының стратегиялық мәселелері.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері.
Қорғаныс, құқық тәртібі мәселелері.
Мұнай-газ секторын дамыту мәселелері.
Заң шығару қызметін үйлестіру.
Үкіметтің кадр мәселелері.
Республикалық бюджет комиссиясының және Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына басшылық жасау.
Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері.
Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік ету.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Ө.Е. Шөкеев
Экономиканы жедел басқару, өңірлік, қаржылық және фискалдық саясат, мемлекеттік бюджет мәселелері.
Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешен, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері.
Энергетика, өндірістік саланы дамыту, көлік және инфрақұрылым, ақпараттандыру және байланыс, демографиялық және көші-қон саясаты мәселелері.
Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы мәселелері.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын, инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, ТМД елдерімен және олардың ықпалдастық бірлестіктерімен өзара қарым-қатынастар мәселелері.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Е.Т. Орынбаев
Мемлекеттік органдардың әкімшілік реформаны іске асыруын қамтамасыз
ету.
Макроэкономикалық саясат мәселелері.
Білім беруді, ғылымды, ақпаратты, мәдениетті, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты, әлеуметтік саясат пен әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
Б.Ә. Сағынтаев
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың Үкіметтің шешімдерін дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігіндегі, мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.
Үкіметтің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Премьер-Министр Кеңсесінің Президент Әкімшілігімен, Парламент палаталары аппараттарымен және облыс әкімдіктерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.