2010 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасында қоршаған орта министрлерінің Еуропа және Азия конференцияларын өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 387-ө Өкімі

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және орнықты даму министрлерінің алтыншы конференциясын және 2011 жылы министрлердің»"Қоршаған орта Еуропа үшін" атты жетінші жалпыеуропалық конференциясын өткізуге дайындықты тиімді ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                        - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы                Министрінің орынбасары, жетекші

Ысқақов                       - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбділдаұлы               ортаны қорғау министрі, жетекшінің
                                орынбасары

Брагин                        - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Александр Геннадьевич           ортаны қорғау министрлігі Құқықтық
                                қамтамасыз ету және халықаралық
                                ынтымақтастық департаментінің
                                директоры, хатшы

Бірәлиев                      - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әлжан Хамидулаұлы               ортаны қорғау вице-министрі

Бөрібаев                      - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Асқар Исмайылұлы                және ақпарат вице-министрі

Құсайынов                     - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы                және бюджеттік жоспарлау
                                вице-министрі

Қазыханов                     - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы                   министрінің орынбасары

Күрішбаев                     - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы              шаруашылығы вице-министрі

Қуанғанов                     - Қазақстан Республикасының Білім
Фархат Шаймұратұлы              және ғылым вице-министрі

Нүсіпова                      - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Әсем Бекқызы                    сақтау вице-министрі

Сабдалин                      - Қазақстан Республикасының Төтенше
Абылай Қиялұлы                  жағдайлар вице-министрі

Тұрғанов                      - Қазақстан Республикасының
Дүйсенбай Нұрбайұлы             Энергетика және минералдық
                                ресурстар вице-министрі

      2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және орнықты даму министрлерінің алтыншы конференциясын және 2011 жылы министрлердің»"Қоршаған орта Еуропа үшін" атты жетінші жалпыеуропалық конференциясын өткізуге дайындықты тиімді ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр