"Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 311-ө Өкімі

Қолданыстағы

      1. Қоса беріліп отырған "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2007 жылғы 23 қазандағы
                                        N 311-ө өкімімен бекітілген

     "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының
       2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
  қабылдануы қажетті нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

N р/с

Нормативтік құқықтық
актінің атауы

Актінің
нысаны

Орындауға
жауапты
мемлекет-
тік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

"Шитті мақтаны талшықты мақ-
таға бастапқы қайта өңдеу
жөніндегі қызметті лицензия-
лау ережесін және оған қойы-
латын біліктілік талаптарын
бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007
жылғы 2 маусымдағы N 449
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республи-
касы Үкі-
метінің
қаулысы

АШМ

2007 жылғы қазан

2.

Сарапшы ұйымына қойылатын
біліктілік талаптарын бекіту
туралы

Қазақстан Республи-
касы Үкі-
метінің
қаулысы

АШМ

2007 жылғы қазан

3.

Мақта талшығының сапасын са-
раптауды жүргізу және мақта
талшығы сапасының паспортын
беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республи-
касы Үкі-
метінің
қаулысы

АШМ

2007 жылғы қазан

4.

Мақта қолхаттары бойынша
міндеттемелерді орындауға
кепілдік беру қорлары
қызметінің және оларды жою
ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республи-
касы Үкі-
метінің
қаулысы

АШМ

2007 жылғы қазан

5.

Мақта өңдеу ұйымдарының
мақта қолхаттары бойынша
міндеттемелерді орындауға
кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін бекіту
туралы

Қазақстан Республи-
касы Үкі-
метінің
қаулысы

АШМ

2007 жылғы қазан

6.

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республи-
касы Үкі-
метінің
қаулысы

АШМ

2007
жылғы
қазан

7.

Мақта қолхаттары бойынша
міндеттемелерді орындауға
кепілдік беру қорларының
міндеттемелерін өтеу
ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республи-
касы Үкі-
метінің
қаулысы

АШМ

2007
жылғы
қазан

8.

Мемлекеттің мақта қолхаттары
бойынша міндеттемелерді
орындауға кепілдік беру
қорларына қатысу нысанымен
ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республи-
касы Үкі-
метінің
қаулысы

АШМ

2007
жылғы
қазан

9.

Шитті мақтаны сақтау және
шитті мақтаны мақта талшығы
етіп бастапқы қайта өңдеу
шарттарының үлгі нысандарын
бекіту туралы

Қазақстан Республи-
касы Үкі-
метінің
қаулысы

АШМ

2007
жылғы
қазан

10.

Мақта нарығының мониторингін
жүргізу ережесін бекіту
туралы

Бұйрық

АШМ

2007
жылғы
қазан

11.

Мақта нарығының мониторингін
жүргізу мәселелері бойынша
есепке алу құжаттарының
тізбесімен нысандарын, есеп
беру мерзімдерін бекіту
туралы

Бұйрық

АШМ
СА

2007
жылғы
қазан

12.

Мақтаның сандық-сапалық
есебін жүргізу ережесін
бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2007
жылғы
қазан

13.

Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы

Бұйрық 

АШМ

2007
жылғы
қазан

14.

Шитті мақтаны мақта талшығы
етіп бастапқы қайта өңдеудің
технологиялық үдерісін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2007
жылғы
қазан

15.

Мақта қолхаттарын беру, оның айналысы, күшін жою және өтеу ережесін, мақта қолхатының нысандары (үлгілері) мен сипаттамасын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2007
жылғы
қазан

16.

Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу ережесін бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2007
жылғы
қазан

17.

Шитті мақтаның сапасын сараптауды жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру ережесін, шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) бекіту туралы

Бұйрық

АШМ
ИСМ

2007
жылғы
қазан

18.

Мақта талшығы сапасының паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы

Бұйрық

АШМ
ИСМ

2007
жылғы
қазан

19.

Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарын сақтау мәселелері бойынша есеп құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есепке беру мерзімдерін бекіту туралы 

Бұйрық

АШМ
СА

2007
жылғы
қазан

20.

Мақта саласын дамыту саласындағы мемлекеттік инспектор туралы ережені бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2007
жылғы
қазан

Ескертпе:  аббревиатуралардын толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
СА  - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі