Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы N 37-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 7 тамыздағы N 213-ө Өкімі

Қолданыстағы

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы N 37-ө  өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
      реттік нөмірлері 1, 2, 6, 7 және 8-жолдардың "Орындау мерзімі" деген 5-бағанындағы "2007 жылғы ақпан" деген сөздер "2007 жылғы желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Премьер-Министр