Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 28 қыркүйектегi N 284-ө өкiмiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 8 қарашадағы N 317-ө Өкімі

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды бақылау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 28 қыркүйектегi N 284-ө  өкiмiне  мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 

      1-тармақта:
      екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң (бұдан әрi - Құрылыс iстерi жөнiндегi комитет) тиiстi аумақтық сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармаларының" деген сөздер "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi сәулет-құрылыс бақылау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi, төртiншi, бесiншi абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiне ай сайын Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат берсiн";

      2-тармақ алынып тасталсын;

      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң аумақтық басқармалары" деген сөздер "облыстық, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi сәулет-құрылыс бақылау органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Премьер-Министр