Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндаманың жобасын (бұдан әpi - Баяндаманың жобасы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жобасына ұсыныстарды дайындау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Mәсімов - Қазақстан Республикасы
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
жетекші
Келімбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі, жетекшінің
орынбасары
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау вице-министрi, хатшы
Ақанов - Қазақстан Республикасының
Айқан Ақанұлы Денсаулық сақтау вице-министрi
Кесікбаев - Қазақстан Республикасының
Сұлтанғали Қабденұлы Қоршаған ортаны қорғау бірінші
вице-министрі
Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Білім
Азамат Құрманбекұлы және ғылым вице-министрі
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрі
Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек
Тамара Босымбекқызы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы істер министрінің орынбасары
Исекешев - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда
вице-министрі
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлік
Жеңіс Махмұдұлы және коммуникация вице-министрі
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының
Дулат Рашитұлы Әділет вице-министрі
Петров - Қазақстан Республикасының
Валерий Викторович Төтенше жағдайлар вице-министрі
Өтеулина - Қазақстан Республикасының Білім
Хафиза Мұхтарқызы және ғылым вице-министрі
Әбділманов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Алмас Кәкімтайұлы министрлігінің Штабтар
бастықтары комитеті төрағасының
бірінші орынбасары
Алдабергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының бірінші орынбасары
Райымбеков - Қазақстан Республикасы Жер
Каналбек Ұтжанұлы ресурстарын басқару агенттігі
төрағасының орынбасары
Тортаев - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Қадырұлы Статистика агенттігі төрағасының
орынбасары
Айманбетова - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Гүлбану Зарлыққызы Банкі Төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Божко - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Владимир Карпович қауіпсіздік комитеті төрағасының
бірінші орынбасары (келісім
бойынша)
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы
Ғабидолла Рахматоллаұлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
төрағасының бірінші орынбасары
(келісім бойынша)
Баймағамбетов - Қазақстан Республикасы
Серік Нұртайұлы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Досмұқаметов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қанат Мұхаметкәрімұлы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Нүсіпова - Қазақстан Республикасы
Әсем Бекқызы Премьер-Министрінің Кеңсесі Жиынтық
талдау бөлімінің меңгерушісі
Котенко - Қазақстан Республикасы
Наталья Леонидовна Премьер-Министрінің Кеңсесі
Экономика бөлімінің меңгерушісі
Табанов - Қазақстан Республикасы
Эльдар Рашитұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Өндірістік сала және инфрақұрылым
бөлімінің меңгерушісі
Егімбаева - Қазақстан Республикасы
Жанна Дачерқызы Премьер-Министрінің Кеңсесі Заң
бөлімінің меңгерушісі
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ержан Жалбақұлы ақпарат және спорт вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы және минералдық ресурстар вице-
министрi
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Раушанұлы вице-министрi
Есекеев - Қазақстан Республикасы
Куанышбек Бақытбекұлы Ақпараттандыру және байланыс
агенттiгi төрағасының орынбасары
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006.03.02.
N 45
өкімімен.
2. Жұмыс тобы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы мәжілісінің N 1 хаттамасында белгіленген мерзімде Баяндаманың жобасын және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жобасына ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;
оған орталық, жергілікті атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың мамандарын тарту, сондай-ақ Баяндаманың жобасын әзірлеу үшін қажетті материалдарды сұрату құқығы берілсін;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына мыналардың:
2006 жылғы 15 наурызға қарай Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясы" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының (бұдан әрi - Жалпыұлттық жоспар) және Жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнiң;
2006 жылғы 20 наурызға қарай Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының жобаларын белгiленген тәртiппен енгiзсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006.03.02.
N 45
өкімімен.
Премьер-Министр