Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын 2008 жылға дейiнгi кезеңде еуропалық авиация талаптарына көшiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 325-ө Өкімі

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының азаматтық авиация салаларына халықаралық авиация стандарттарын енгiзу мақсатында қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын 2008 жылға дейiнгi кезеңде еуропалық авиация талаптарына көшiру жөнiндегі iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.

      Премьер-Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрiнiң
                                          2005 жылғы 17 қарашадағы
                                              N 325-ө өкімімен
                                                  бекiтiлген

        Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын
   2008 жылға дейiнгi кезеңде еуропалық авиация талаптарына
             көшiру жөнiндегі iс-шаралар жоспары

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің  2007.01.16.  N 5  өкімімен.

P/c
N

Іс-шаралар

Аяқталу
нысаны

Орын-
дауға
жауап-
тылар

Аяқталу
мерзiмі

Бол-
жалды
шығыс-
тар
(млн.
теңге)

Қаржы-
лан-
дыру
көзі

1

2

3

4

5

6

7

1-кезең

1.

Еуропалық авиа-
ция талаптарын
(JAR) енгізу
жөнiндегі
ведомствоаралық
жұмыс тобын
құру

Қазақстан
Респу-
бликасы
Премьер-
Министрi-
нiң өкімі

ККM (жи-
нақтау),
Әдiлетми-
ні, ИСМ,
СIМ, ЭБЖМ
және өзге
де мемле-
кеттік
органдар

2006
жылғы
31 қаң-
тарға
дейін

Талап
етiл-
мейдi

Талап
етiл-
мейдi

2.

Еуропалық авиа-
ция талаптары-
ның (JAR) мына-
дай құжаттарын
мемлекеттік және орыс тіл-
деріне аудару:
 JAR 1, 11, 21, JAR OPS 1, 66, FСL 1 және 3, ММЕL/МЕL, JAR 39;
 JAR 145, 147;
 JAR 23, 27/29, JAR OPS 3, FCL 3, STD 23, VLA/VLR және TSO;
 JAR 25, JAR E, JAR 26, JAR FСL, JAR APU, AWO, JAR STD.

Мемлекет-
тік және
орыс тiл-
дерiндегі
мәтін

ККМ (жинақтау), Бiлiмминi

2006
жылғы
31 нау-
рызға
дейін

9,9

Респу-
блика-
лық
бюджет

3.

Қазақстан Рес-
публикасының
азаматтық авиа-
ция саласындағы
қолданыстағы
заңнамасы мен
енгiзiлетiн еу-
ропалық авиация
талаптарының
(JAR) айырмашы-
лығын анықтау
жөнінде құқық-
тық сараптама
жүргiзу

Қорытынды

ККМ (жи-
нақтау),
Әдiлетми-
нi, ИСМ

2006
жылғы
30 мау-
сымға
дейін

Талап
етiл-
мейдi

Талап
етiл-
мейдi

4.

"Азаматтық    авиация  академиясы"  АҚ-ны дамыта       отырып,      қызметiн     қамтамасыз   ету

Азаматтық авиация академиясында авиация кадрларын даярлаудың, қайта даярлаудың еуропалық талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық, оқу және оқу-әдiстемелiк ресурстарды сараптамалық бағалау.
Батыстың авиациялық техникасына арналған мамандар даярлау үшiн оқу және зертханалық үй-жайларды еуропалық талаптарға сәйкес келтiру,  оқу және компьютерлiк бағдарламалар, жаттығу кешендерiн сатып алу.
Шетелдiк жетекшi мамандардың ККМ ААК қызметкерлерiн және Азаматтық авиация академиясының оқытушыларын оқытуы және сертификаттауы.
IСАО, EASA (JAA), МАК және ТМД елдерi ОЖО қауымдастықтары өкiлдерiнiң қатысуымен Қазақстан Pecпубликасында Еуропалық авиация
талаптарын енгiзу жөнiнде семинар өткiзу.

ККМ, 
Бiлiмминi, Азаматтық авиация академиясы

2006
жылғы
31 желтоқсанға дейін

122.255

Респу-
блика-
лық
бюджет

5.

алынып тасталды

6.

Азаматтық авиация ұйымдарына IСАО, EASA, МАК және ТМД елдерi ОЖО қауымдастықтарының тәжiрибесiн ескере отырып, JAR енгізу кезеңдерi туралы хабарлау және онымен таныстыру.

Семинар-кеңес

Бiлiмминi,ККМ Азаматтық авиация академиясы

2007
жылғы
сәуір

Талап
етiл-
мейдi

Талап
етiл-
мейдi

2-кезең

7.

Еуропалық аза-
маттық авиация
конференциясына
(ECAC) кiру

Норма-
тивтiк
құқықтық
кесiм
қабылдау,
өтiнiш
жiберу

ККМ (жи-
нақтау),
СIМ

2007
жылғы
31 нау-
рызға
дейін

Талап
етiл-
мейдi

Талап
етiл-
мейдi

8.

Қазақстан Рес-
публикасының
заңнамасына еу-
ропалық авиация
талаптарын
(JAR) қолдануға
қатысты тиiстi
өзгерiстер мен
толықтырулар
енгiзу

Норма-
тивтiк
құқықтық
кесiмдер
қабылдау

ККМ (жи-
нақтау),
Әдiлетми-
нi, ИСМ

2007
жылғы
30 мау-
сымға
дейін

Талап
етiл-
мейдi

Талап
етiл-
мейдi

9.

Кеңестік әуе кемелерін пай-
далануды рет-
тейтiн арнайы ережелер әзiрлеу

ККМ ААК
бұйрығы

ККМ

2007
жылғы
30 мау-
сымға
дейін

3,5

Респу-
блика-
лық
бюджет

10.

 JAA талаптарын
енгізу: JAR 1,
11, 21, JAR
OPS 1, 66, FCL
1 және 3, ММЕL/
МЕL, JAR 39

ККМ ААК
бұйрықтары

ККМ

2007
жылғы
30 мау-
сымға
дейін

85,1

Респу-
блика-
лық
бюджет

11.

 JAR 145, 147, 21-дi енгiзу

ККМ ААК
бұйрықтары

ККМ

2007
жылғы
30 қыр-
күйекке
дейiн

28,4

Респу-
блика-
лық
бюджет

12.

 JAR 23, 27/29,
JAR OPS 3, FCL 3, STD 23, VLA/VLR және TSO енгiзу

ККМ ААК
бұйрықтары

ККМ

2007
жылғы
31
желтоқ-
санға
дейін

75,7

Респу-
блика-
лық
бюджет

13.

Еуропалық авиа-
ция талаптарын
(JAR) енгізу
жөнінде жүргі-
зіліп жатқан
жұмыстар туралы
азаматтық авиа-
ция ұйымдарын
хабардар ету
және таныстыру

БАҚ-қа
ақпарат,
семинарлар

ККМ

2007
жылғы
31
желтоқ-
санға
дейін

1,0

Респу-
блика-
лық
бюджет

3-кезең

14.

JAR OPS 3, JAR 25, JAR 26, JAR APU, AWO, JAR Е, JAR STD енгізу

ККМ ААК
бұйрықтары

ККМ

2008
жылғы
30 мау-
сымға
дейін

75,7

Респу-
блика-
лық
бюджет

15.

Мына:
 әуе айлақта-
рының қызметi;
 әуе қозғалысын
бақылау қызмет-
терi үшін басқа
стандарттар
мен epeжелерді
енгізу

ККМ ААК
бұйрықтары

ККМ

2008
жылғы
31
қазанға
дейін

75,6

Респу-
блика-
лық
бюджет

16.

Еуропалық авиа-
ция талаптарын
(JAR) енгізу
нәтижелерi жө-
нiнде азаматтық
авиация ұйымда-
рымен кеңестер
өткiзу

БАҚ-қа
ақпарат,
кеңес,
семинарлар

ККМ

2008
жылғы
30 қа-
рашаға
дейін

1,0

Респу-
блика-
лық
бюджет

17.

Еуропалық авиа-
ция талаптарын
(JAR) енгiзу
нәтижелерi жө-
нiнде Қазақстан
Республикасының
Үкiметiнде
кеңес өткiзу

Хаттама

ККМ (жи-
нақтау),
Әдiлетми-
нi, ИСМ,
СIМ және
ЭБЖМ

2008
жылғы
15
желтоқ-
санға
дейін

Талап
етiл-
мейдi

Талап
етiл-
мейдi

      Ескертпе:
      пайдаланылған аббревиатуралар:
ККM - Көлік және коммуникация министрлiгi
ККM AAК - Көлiк және коммуникация министрлігінiң Азаматтық авиация
комитетi
Әділетмині - Әділет министрлігі
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
СIМ - Сыртқы iстер министрлігі
JAA - Еуропаның бiрiккен авиациялық әкiмшілігі
JAR - еуропалық авиация талаптары
ЕАSА - еуропалық авиация қауiпсiздігі агенттігі
JAR 1 - анықтамалар және аббревиатура
JAR 11 - реттеу рәсiмдерi
JAR 21 - сертификаттау рәсiмдерi - әуе кемелерi мен бөлшектерi
JAR OPS 1 - коммерциялық тасымалдар (аэропландар)
JAR 66 - техникалық қызмет көрсету жөнiндегі персоналды
сертификаттау
JAR FCL 1 - ұшу экипажын лицензиялау
JAR FCL 3 - медициналық стандарттар
JAR MMEL/MEL - жабдықтың негізгi/ ең аз тiзiмi
JAR 39 - ұшу жарамдылығын реттейтін нұсқаулықтар
JAR 26 - ұшу жарамдылығы жөнiндегi қосымша талаптар
JAR APU - қосымша тетiктер
JAR Е - қозғалтқыштар
JAR AWO - кез келген ауа райы жағдайындағы қызмет
JAR 21 - одан әрi сертификаттық рәсімдер
JAR 145 - техникалық қызмет көрсету бойынша аттестатталған ұйымдар
JAR 147 - техникалық қызмет көрсету бойынша оқыту/ емтихандар
JAR 34/36 - әуе кемелерi қозғалтқыштарының эмиссиясы/шу
JAR 23 - жолаушы әуе кемелерi
JAR 27/29 - турбобұрандалық әуе кемелері
JAR OPS 3 - коммерциялық тасымалдарды жүзеге асыратын әуе кемелері
(тiкұшақтар)
JAR FCL - ұшу экипажын лицензиялау
JAR STD - тренажерларға және оқу жабдықтарына қойылатын талаптар
JAR TSO - бірiккен техникалық стандарттар
JAR VLA/VLR - аса жеңiл әуе кемелерi
Білімминi - Бiлiм және ғылым министрлiгi
MAК - Мемлекетаралық авиация комитетi
ТМД - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
ОЖО - Оқу-жаттығу орталығы
IСАО - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы