"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:
1. Қоса берiлiп отырған Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобасын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде Заңды iске асыру үшiн тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 17 қазандағы
N 294-ө өкiмiмен
бекiтiлген
"Агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық кесiмдердiң тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2007.05.30. N 145 өкімімен.
P/c
|
Нормативтік құқықтық кесiмнiң атауы |
Кесiмнің нысаны |
Орындалу мерзімi |
Орындалуына жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы |
Қазақстан
|
2006 жылғы наурыз |
АШМ (жинақтау), ИСМ, Қаржыминi |
2 |
Ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып aлу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн, сондай-ақ олардың сыйақысы мөлшерiн бекiту туралы |
Қазақстан
|
2006 жылғы наурыз |
АШМ |
3 |
Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң мемлекеттік ресурстарының көлемін, құрылымын, оларды қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы |
Қазақстан
|
2006 жылғы наурыз |
АШМ |
4 |
Агроөнеркәсiптiк кешендi атаулы субсидиялау ережесiн бекiту туралы |
Қазақстан
|
2006 жылғы наурыз |
АШМ |
5 |
Мамандандырылған ұйымдарды қатыстырып, агроөнеркәсіптік кешендi қолдаудың тәртiбiн айқындау туралы |
Қазақстан
|
2006 жылғы наурыз |
АШМ |
6 |
Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмiн бекiту туралы |
Қазақстан
|
2006 жылғы желтоқсан |
СА (жинақтау), АШМ |
7 |
Ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекiту туралы |
Қазақстан
|
2009 жылғы маусым |
АШМ (жинақтау), ЭБЖМ, Еңбекмині, облыс әкімдері |
8 |
Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын бекiту туралы |
Агроөнер-
|
2006 жылғы наурыз |
АШМ |
9 |
Агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiне өтеусiз негiзде берілетiн ақпарат пен қызметтердiң тізбесiн бекiту туралы |
Агроөнер-
|
2006 жылғы наурыз |
АШМ |
10 |
Тракторларды және
|
Агроөнер-
|
2006 жылғы наурыз |
АШМ |
11 |
"Ауыл шаруашылық жан-
|
Агроөнер-
|
2006 жылғы наурыз |
АШМ |
12 |
Ауылдық елдi мекендi әлеуметтiк және инженерлiк жайластыру нормативтерiн бекiту туралы |
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бұйрықтары |
2007 жылғы маусым |
АШМ (жинақтау), ДСМ, Еңбекминi, БҒM, MACM, ЭМРМ, ИСМ |
13 |
Ауыл шаруашылығы өнiміне алдыңғы күнтiзбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағаны белгілеу әдiстемесi |
Агроөнер-
|
2006 жылғы желтоқсан |
АШМ |
14 |
Сатып алынатын және сатылатын ауыл шаруашылығы өнiмiне тiркелген бағалар деңгейiн бекіту туралы |
Агроөнер-
|
2007 жылғы наурыз |
АШМ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi
Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі