Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 85-ө Өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө  өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 7-жолдың 5-бағанында:
      2), 3), 4), 5) тармақшаларда "қаңтар" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.

       Премьер-Министр