"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегi Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210 қаулысын орындау үшiн:
1. Осы өкiмге 1-қосымшаға сәйкес жұмыс тобы құрылсын.
2. Орталық және өзге де мемлекеттiк органдар, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы және өкiлдi органдары (келiсiм бойынша) қолданыстағы заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тұрғысында тексерiс жүргiзу мақсатында:
1) осы өкiмге 2-қосымшаға сәйкес 2005 жылғы 25 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттiк) қолданыстағы заңға тәуелдi нормативтік құқықтық кесiмдерге тексерiс жүргiзу кестелерiн және олардың орындалу мерзiмiн ұсынсын;
2) осы өкiмге 3-қосымшаға сәйкес мәселелердiң тiзбесi бойынша 1991-2004 жылдар кезеңiнде қабылданған барлық қолданыстағы заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге тексерiс жүргiзсiн;
3) ай сайын eceпті кезеңнен кейiнгi әрбiр айдың 5 және 20-күндерiне Агенттiкке осы өкiмге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат ұсынсын;
4) 2005 жылғы 15 шiлдеге жұмыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi нақты ұсыныстарды, сондай-ақ оның туындауына ықпал ететiн жағдайларды болдырмау жөнiндегi шараларды әзiрлесiн және Агенттікке ұсынсын.
3. Жұмыс тобы 2005 жылғы 25 шiлде мерзiмiне заңға тәуелдi кесiмдерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы нақты ұсыныстар бар есептi дайындасын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) (келісім бойынша) жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 8 сәуiрдегi
N 82-ө өкiмiне
1-қосымша
Қолданыстағы заңға тәуелдi нормативтік құқықтық
кесiмдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы
тұрғысында тексерiс жүргізу жөнiндегі жұмыс тобының
құрамы
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Серiк Нұртайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары, жетекшi
(келiсiм бойынша)
Гимадиев - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі
Ильдар Каримович Нормативтiк құқықтық кесiмдердi тiркеу
департаментiнiң директоры, жетекшiнiң
орынбасары
Симсиве - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Олеги Олегович қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
Инспекциясы - Ұйымдастыру-бақылау
департаментi бастығының орынбасары,
хатшы (келiсiм бойынша)
Әйтенов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Марат Дүйсенбекұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi заң
басқармасының бастығы
Әубәкiров - Қазақстан Республикасы Қаржы
Дүйсенбек Қапарұлы министрлігінiң Қаржылық бақылау және
мемлекеттік сатып алу комитетi бақылау
iс-шараларын жоспарлау, есептiлiк және
талдау басқармасының бастығы
Бейсембинов - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi Заң
Арман Нұрланұлы департаментi валюталық реттеу және
бақылау басқармасы бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Бекбергенов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Данияр Мұстафаұлы комитетi жеке қауiпсiздiк басқармасының
бастығы (келiсiм бойынша)
Бексаринова - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Гүлнар Сәкенқызы сауда министрлiгi аппараты Әкiмшілік-
құқықтық жұмыс департаментi заң
басқармасының бастығы
Бексұлтанов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Мәди Қазбекұлы министрлiгi Әкiмшiлiк департаментiнiң
директоры
Боярина - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
Людмила Васильевна және спорт министрлiгi Әкiмшiлiк-құқықтық
жұмыс департаментiнiң директоры
Бiрәлиев - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлжан Хамидоллаұлы агенттігi төрағасының орынбасары
Василинюк - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Татьяна Ивановна минералдық ресурстар министрлiгi Заң
қызметi, мемлекеттiк құпияларды қорғау
және жұмылдыру жұмысы департаментiнiң
директоры
Веснин - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Виктор Николаевич министрлiгi Төтенше жағдайлар саласындағы
мемлекеттiк бақылау және қадағалау
комитетiнiң төрағасы
Жұмабаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Жұмаділұлы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi
iшкi қауiпсiздiк басқармасының бастығы
Жүcіпoв - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Болат Темiрханұлы Тергеу мен анықтаудың заңдылығын
қадағалау департаментінің басқарма
бастығы (келiсiм бойынша)
Задорожный - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Андрей Викторович және байланыс агенттігінің Ақпараттандыру
және заң қызметi департаментi заң, кадр
қызметi және ақпаратты қорғау бөлiмiнiң
бастығы
Ыбыраев - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Серiк Сыздықұлы коммуникация министрлiгiнiң Қаржылық
реттеу департаментi директорының мiндетiн
атқарушы
Ишанқұлов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Әдiлхан Меңдiханұлы басқару агенттігi жер кадастры және жер
мониторингi бөлiмiнiң бас маманы
Кәкiмова - Қазақстан Республикасы Қаржы
Гүлмәдина Кеңесқызы министрлігінiң Қаржылық бақылау және
мемлекеттік сатып алу комитетi
мемлекеттік сатып алуды үйлестiру
басқармасының бастығы
Кәрiмов - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Құрмет Жанатайұлы министрлiгi Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс
департаментi құқықтық жұмыс басқармасының
бастығы
Қасенова - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Марал Қайырбайқызы қорғау министрлiгiнiң Нормативтiк-
құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық
ынтымақтастық департаментi құқықтық
қамтамасыз ету бөлiмiнiң бастығы
Мамыраев - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Батырбек Мұратбекұлы әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң заң
басқармасы бастығының орынбасары
Мәнкешов - Қазақстан Республикасы Әділет
Шыңтас Жалғасұлы министрлiгiнiң Заңға тәуелдi кесiмдер
департаментi директорының орынбасары
Нұрманова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Айжан Жомартқызы Заң қызметi департаментiнiң қаржылық
заңнама басқармасы бюджетті атқару
жөнiндегi заңнама бөлiмiнiң бастығы
Ожаров - Қазақстан Республикасы Республикалық Ұлан
Жандарбек Кәрiмұлы Қолбасшысының көмекшiсi (келiсiм бойынша)
Орымбаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ардақ Сиязбекұлы монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары
Рымжанов - Қазақстан Республикасы Республикалық
Мәди Рысбекұлы бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп
комитетiнiң құқықтық мәселелер жөнiндегі
кеңесшiсi
Сайынов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Серiк Сайынұлы министрлiгiнiң криминалдық полициясы
департаментi "К" басқармасының бөлiм
бастығы
Саңқыбаев - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен
Әмiрбек Бөрiұлы қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігi өкiлдiгiнiң (Астана қаласы)
үйлестiру бөлiмiнiң бастығы
Сапаров - Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Ерлан Әскербекұлы аппаратының Ұйымдастыру-талдау
басқармасы құқықтық сараптама және
жоспарлау бөлiмiнiң меңгерушiсi
(келiсiм бойынша)
Сариев - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Бақытжан Шөмiшбайұлы министрлiгiнiң аппарат басшысы
Сыздықов - Қазақстан Республикасының Президентi
Бекболат Ермекұлы Күзет қызметiнiң аға офицерi
Тезекбаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Ерiк Асылбекұлы министрлiгi Қарулы Күштерiнiң Әскери
полициясы бас басқармасының бастығы
Хайдаров - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет
Арман Шаймұранұлы iстерi агенттігi Мемлекеттiк қызметті
құқықтық қамтамасыз ету департаментi
мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың
сақталуын бақылау және тәртiптiк
кеңестермен және комиссиялармен жұмыс
бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Чумаков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Дмитрий Валерьевич министрлiгi заң қызметiнiң басшысы
Шамелов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Мирболат Ғазизұлы министрлiгiнiң Жеке қауiпсiздiк
департаментi бастығының орынбасары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 8 сәуiрдегi
N 82-ө өкiмiне
2-қосымша
Қолданыстағы заңға тәуелдi нормативтік
құқықтық кесiмдерге тексерiс жүргiзу
кестесі
P/c |
Iс-шара |
Агенттікке есептік |
Жауапты |
1 |
____ жылы қабылданған |
2005 жылғы |
Мемлекеттік |
2 |
____ жылы қабылданған |
2005 жылғы |
Мемлекеттік |
3 |
____ жылы қабылданған |
2005 жылғы |
Мемлекеттік |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 8 сәуiрдегi
N 82-ө өкiмiне
3-қосымша
Қолданыстағы заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық
кесiмдерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға
жағдай туғызатын нормаларды алып тастау үшiн
қаралуы қажет мәселелердiң тiзбесi
Заңға тәуелдi кесімдерді тексеру кезiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын мынадай жайттарды анықтау қажет:
1. Мемлекеттiк органдар және оның лауазымды тұлғалары қызметiнiң өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде нақты құқықтық регламенттелуiнiң болмауы.
2. Жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда сөзсiз кедергі жасайтын нормалар.
3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына игілiктер мен артықшылықтар беру.
4. Жеке және заңды тұлғалардан, заңнамада осы адамдардың беруi көзделмеген ақпаратты талап ету.
5. Жеке мүдделілiгi лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн объективтi орындауға әсер ететін немесе әсер етуi мүмкiн жағдайлардың болуы.
6. Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттiк кәсiпорындарға және мемлекеттік орган мәртебесi жоқ өзге де ұйымдарға беру.
7. Кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осындай қызметті мемлекеттiк реттеуге, сондай-ақ оны бақылауға өкілеттік беру.
8. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi қолдану кезiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау ықтималдылығының шарттары.
9. Басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу.
10. Осы тiзбеде көзделмеген, сонымен қатар қаралуы қажет өзге де мәселелер.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 8 сәуiрдегi
N 82-ө өкiмiне
4-қосымша
Есеп нысаны
______ жылғы заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық
кесiмдердi тексеру қорытындысы
Қабыл- |
НҚК |
Сыбайлас |
Нормативтiк |
Қазақстан |
Мемлекеттiк |
|
Күші |
Өзге- |
|||||
Басшы
(мемлекеттік орган
басшысының орынбасары) (Т.А.Ә.) __________ ________ (қолы)
2005 жылғы "___"______