"Көлiктегi қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөнiндегі үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 76-ө
өкiмiне
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Көлiктегi қауіпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестіру кеңесiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Сүнтаев Тiлеген Иматұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетінiң төрағасы орынбасарының мiндетiн атқарушы;
Ахметов Темiрбай Бiләлұлы - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi орталық ішкі iстер басқармасының бастығы;
"Дүтбаев Нартай Нұртайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, төрағаның көлiктегi терроризмге қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi жөнiндегi орынбасары (келiсiм бойынша)" деген жолда "көлiктегi терроризмге қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
"Нағманов Қажымұрат Ыбырайұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi, төрағаның орынбасары" деген жол алынып тасталсын;
көрсетiлген құрамнан Ақшанов Болат Қасымұлы, Отто Иван Иванович, Елекеев Ирак Қасымұлы шығарылсын;
3, 4-тармақтар алынып тасталсын.
Премьер-Министр