1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Жастар iстерi жөніндегі кеңеспен бiрлесiп, екi ай мерзiмде "Қазақстан жастарының жалпыреспубликалық форумы туралы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық келiсiмдердi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiрсiн.
Премьер-Министр