1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi екi ай мерзiмде "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi мемлекеттiк тiзiлiмде тiркеу тәртібiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметіне қарауға енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы мен өзге де мемлекеттiк органдары (келісiм бойынша) екi ай мерзiмде "Қызметі үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупімен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметін хабардар етсiн.
Премьер-Министр