Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы N 230-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192-ө  өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 20-жолда, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімімен реттелуге жататын қатынастар" деген бағандағы 3) тармақша алынып тасталсын.

       Премьер-Министр