"Сауда қызметiн peттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 164-ө өкімі

Қолданыстағы

      1. Қоса берiліп отырған "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Мемлекеттiк органдар тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметінiң бекiтуiне енгiзсiн.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар екi ай мерзiмде "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiсті ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2004 жылғы 2 маусымдағы 
N 164-ө өкімімен     
бекiтiлген        

  "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесi

___________________________________________________________________
P/c|Нормативтік құқықтық| Кесiмнiң   |  Орындалу |Орындауға жауапты
 N |  кесiмнiң атауы    |  нысаны    |  мерзімі  |   мемлекеттік
   |                    |            |           |      орган
___________________________________________________________________
 1 |          2         |     3      |      4    |        5
___________________________________________________________________
1  Ішкі сауда ережесін  Қазақстан     2004 жылғы  ИСМ, АШМ,
   бекіту туралы        Республикасы    маусым    Қаржыминi, ДСМ,
                        Үкіметінің                МСА, ТМРА 
                        қаулысы                   (келiсiм бойынша)

2  Шекара маңындағы     Қазақстан     2004 жылғы  ИСМ, СIМ, КБА,
   сауданы жүзеге асыру Республикасы    маусым    Қаржыминi, ҰҚК
   ережесін бекіту      Үкіметінің                (келiсiм бойынша),
   туралы               қаулысы                   ДСМ, АШМ

3  Әкетілуiне және/     Қазақстан     2004 жылғы  ИСМ,
   немесе әкелінуіне,   Республикасы     маусым   Қоршағанортаминi,
   соның ішінде         Үкіметінің                ДСМ, КБА, АШМ,
   сандық тыйым салу    қаулысы                   ҰҚК (келiсiм
   немесе шектеу                                  бойынша), ТМРА
   енгізілетін жекеле.                            (келiсiм бойынша),
   ген тауарлардың                                IIМ, Қаржыминi,
   тiзбесiн бекiту                                СIМ
   туралы

4  Мемлекеттiк қауiп.   Қазақстан     2004 жылғы  ИСМ,
   сiздік, мемлекеттік  Республикасы     маусым   Қоршағанортаминi,
   монополияны iске     Үкіметінің                ДСМ, АШМ, ҰҚК
   асыру, құқықтық      қаулысы                   (келiсiм бойынша),
   тәртіпті қамтамасыз                            ТМРА (келiсiм
   ету, қоршаған                                  бойынша), ІІМ
   ортаны, жеке
   меншiктi, азамат.
   тардың өмiрi мен
   денсаулығын қорғау
   тұрғысында лицен.
   зиялауға жататын
   тауарлардың
   жекелеген түрлері.
   нің тізбесiн
   бекіту туралы

5  Қазақстан           Қазақстан     2004 жылғы  ИСМ, АШМ, ДСМ,
   Республикасы        Республикасы     маусым   ТМРА (келiсiм
   Үкіметінің 2003     Үкіметінің                бойынша), Қаржымині
   жылғы 5 ақпандағы   қаулысы
   N 31  қаулысына
   өзгерістер мен
   толықтырулар енгізу
   туралы

6  Электрондық         Қазақстан     2004 жылғы  ИСМ, АБА, МСА,
   сауданы жүзеге      Республикасы     шілде    ҮБ (келiсiм
   асыру ережесін      Үкіметінің                бойынша), ККM,
   бекіту туралы       қаулысы                   Қаржыминi

7  Желілік маркетинг,  Қазақстан     2004 жылғы  ИСМ, АБА,
   қоғамдық таратушы.  Республикасы     шілде    Қаржыминi, ККМ,
   лар арқылы сауда    Үкіметінің                ДСМ
   орындарынан тыс     қаулысы
   бөлшек сауда,
   почта және басқа
   да тәсілдермен
   сауда ережесiн
   бекiту туралы

8  Сыртқы сауда        Қазақстан     2004 жылғы  ИСМ, КБА, ТМРА
   қызметiн тарифтiк   Республикасы     шілде    (келiсiм бойынша),
   емес реттеу шарала. Үкіметінің                СIМ, Қаржыминi
   рын қолдану ереже.  қаулысы
   сiн бекiту туралы
____________________________________________________________________

      ИСМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi
      КБА - Қазақстан Республикасының Кеден бақылау агенттігі
      ТМРА - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау агенттігі
      АБА - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігi
      ККМ - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі
      ДCM - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
      МСА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу агенттігі
      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Қаржыминi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
      Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі
      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
      ІІМ - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi
      СIМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi