1. Қоса берiлiп отырған "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн;
2) екi ай мерзiмде "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Pеспубликасының Үкiметiне хабардар етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2004 жылғы 5 мамырдағы
N 134 өкімімен
бекiтiлген
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің
тiзбесi
____________________________________________________________________
P/c| Нормативтiк құқықтық | Орындалу |Орындауына жауапты
N | кесiмнiң атауы | мерзiмi | мемлекеттiк орган
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
____________________________________________________________________
1 "Қазақстан Республикасы Ауыл 2004 жылғы АШМ
шаруашылығы министрлiгiнiң 15 маусымға
кейбiр мәселелерi туралы" дейiн
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы
7 қазандағы N 1096 қаулысына
өсiмдiк шаруашылығы
саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттiк органды белгiлеу
бөлiгiнде толықтырулар енгiзу
туралы
2 Өсiмдiк шаруашылығындағы 2004 жылғы АШМ, Қаржыминi,
мiндеттi сақтандыруды қолдау 30 шiлдеге ЭБЖМ, ҚҚА
үшiн бюджет қаражатын дейiн (келiсiм
басқару жөнiндегi агенттi бойынша)
анықтау және агент көрсеткен
қызметтерге бюджет
қаражатынан ақы төлеудiң
мөлшерi мен тәртiбiн
белгiлеу туралы
3 Арнайы есеп-шоттағы ақшаны 2004 жылғы АШМ, Қаржыминi,
пайдалану тәртiбi, сондай-ақ 30 шiлдеге ЭБЖМ, ҚҚA
уақытша бос қаражатты дейiн (келiсiм
депозитке орналастыру рәсiмi бойынша)
туралы
4 Агенттiң сақтандырушыға 2004 жылғы АШМ, Қаржыминi,
сақтандыру төлемдерiнiң бiр 30 шiлдеге ЭБЖМ, ҚҚA
бөлiгiн бюджет қаражатынан дейiн (келiсiм
өтеуiнiң тәртiбi туралы бойынша)
5 Агент пен сақтандырушының 2004 жылғы АШМ, Қаржыминi,
арасында жасасқан сақтандыру 30 шiлдеге ЭБЖМ, ҚҚА
төлемдерiн iшiнара өтеудiң дейiн (келiсiм
тәртiбi мен шарттарының бойынша)
үлгiлi нысанын бекiту туралы
6 Өсiмдiк шаруашылығындағы Жыл сайын АШМ
өнiмдердiң түрлерi бойынша 30 шiлдеге
көлем бiрлiгiне шығындардың дейiн
нормативтерiн бекiту туралы
____________________________________________________________________