"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 68-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

Күшін жойған

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi екi ай мерзiмде "Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырудың үлгі ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары екi ай мерзiмде "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiсті ведомстволық нормативтік құқықтық актiлердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.

       Премьер-Министр