Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 51-ө өкіміне өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 51-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2001 жылғы 2 шілдедегi N 51-ө өкiмiне  мынадай өзгерiс енгізілсін:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметi кесiмдерiнің тiзбесінде:
      "Үкiмет кесiмiмен реттелуге тиiстi қатынастар" деген бағанның реттік нөмiрi 10-жолындағы бiріншi абзац алынып тасталсын.

      Премьер-Министр