Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192-ө өкiмiне толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Респбликасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 қазандағы N 250-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192 өкiмiне  мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Yкiметi кесiмдерiнiң тiзбесiнде:
      реттік нөмiрi 20-жолдың "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмiмен реттелуге жататын қатынастар" деген бағанының 4) тармақшасы "Мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздерден кейiн "өзге мемлекеттiк" деген сөздермен толықтырылсын.

      Премьер-Министр