1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Орман кодексiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкiметi кесiмдерiнiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Орман кодексiн iске асыру мақсатында тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
Премьер-Mинистр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
N 231 өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының Орман кодексiн
iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
Қазақстан Республикасының Yкiметi
кесiмдерiнiң тiзбесi
___________________________________________________________________
p/c | Қазақстан Республикасының Yкiметi | Орындалу | Жауапты
N | нормативтiк құқықтық кесiмiнiң атауы | мерзiмi | орындаушы
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде 2003 жылғы АШМ
ормандарды күзету, қорғау, молықтыру қыркүйек
және орман өсiру жөнiндегi нормалар мен
нормативтердi бекiту туралы
2. Орман шаруашылығы мемлекеттiк 2003 жылғы АШМ
мекемелерiн құру және олардың қаражатын қыркүйек
пайдалану ережесiн бекiту туралы
3. Орман қорының мемлекеттiк есебiн 2003 жылғы АШМ
жүргiзу ережесін бекiту туралы қыркүйек
4. Мемлекеттік орман қорының учаскелерiнде 2003 жылғы АШМ
орман ресурстарын ұзақ мерзімді қазан
пайдалануға беру жөніндегі тендерлерді
өткізу ережесін бекіту туралы
5. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде 2003 жылғы АШМ
сүректі түбірімен босату ережесiн қазан
бекiту туралы
6. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін 2003 жылғы АШМ
ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қазан
пайдалану ережесiн бекiту туралы
7. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн 2003 жылғы АШМ
мәдени-сауықтыру, рекреациялық, қазан
туристiк және спорттық мақсаттар үшiн
пайдалану ережесiн бекiту туралы
8. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде 2003 жылғы АШМ
жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық қазан
шаруашылығының мұқтаждары үшiн
пайдалану ережесiн бекiту туралы
9. Мемлекеттiк орман күзетi туралы ереженi 2003 жылғы АШМ
бекiту туралы қараша
10. Өзендердiң, көлдердiң, су қоймаларының 2003 жылғы АШМ
және басқа да су объектiлерiнiң қараша
жағалауларындағы ормандардың тыйым
салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу
ережесiн бекiту туралы
11. Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры 2003 жылғы АШМ
туралы ақпаратты пайдалану ережесiн қараша
бекiту туралы
12. Орман орналастыруды жүргiзу ережесiн 2003 жылғы АШМ
бекiту туралы желтоқсан
13. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн 2003 жылғы АШМ
және мемлекеттiк орман кадастрын желтоқсан
жүргiзу ережесiн бекiту туралы
14. Шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл 2003 жылғы АШМ, ЖРА
шаруашылығы ұйымдарының мемлекеттiк желтоқсан
бюджеттiң қаражаты есебiнен құрылған
ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерде
агроорманмелиоративтiк екпелердi сатып
алу ережесiн бекiту туралы
15. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде 2004 жылғы АШМ
ағаш кесу ережесiн бекiту туралы тамыз
___________________________________________________________________