Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 шілдедегі N 146-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192 өкiмiне  мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкiметi кесiмдерiнің тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 15-жолда "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесімімен реттелуге жататын қатынастар" деген бағандағы 3) тармақша алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 18-жол алынып тасталсын.

      Премьер-Министр