Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 9 ақпандағы N 20 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2002 жылғы 16 мамыр N 51-ө

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 11 шілдедегі N 654 U010654_ Жарлығы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес:
      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсынудың кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 9 ақпандағы N 20 R000020_ өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

     көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсыну кестесінде:
     3-бағанның тақырыбындағы ", БҚҰК (келісім бойынша)" деген сөздер 
алынып тасталсын;
     реттік нөмірі 54-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Тоқсан аяқталғаннан кейінгі 25-күн Ұлттық Банк (келісім бойынша)";
     көрсетілген кестеге қосымшада:
     3-бағанның тақырыбындағы ", Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық 
комиссияның (келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
     реттік нөмірі 24-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Тоқсан аяқталғаннан кейінгі 25-күн Ұлттық Банк (келісім бойынша)".
     
     Премьер-Министр
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.