"Қаржы лизингі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне лизинг мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2000 жылғы 7 қыркүйек

Қолданыстағы
      "Қаржы лизингi туралы" Z000078_ және "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне лизинг мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Z000075_ Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi үш айлық мерзiмде жылжымалы мүлiктiң лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн көздейтiн нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
      2. Мемлекеттiк кiрiс, Қаржы, Экономика, Энергетика, индустрия және

сауда, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi бiр 
айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген 
тауарларды уақытша әкелудiң және уақытша әкетудiң кедендiк режимi
қолданылатын лизинг заттарының тiзбесiн бекiтудi көздейтiн Қазақстан 
Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының 
Yкiметіне енгізсін.
     
     Премьер-Министр
     
     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.