1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, бір айлық мерзімде мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін, сондай-ақ туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастардың туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымдарында болуы режимін әзірлесін және бекітсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, емделуден жалтарушы науқастарды жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мамандандырылған ұйымдардың базасында мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне жүктелсін. Премьер-Министр Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.