Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 2021

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1665 (2012.08.04 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалар тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1665 (2012.08.04 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1-1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1665 (2012.08.04 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. "Техникалық қызмет көрсететін және мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің 1999 жылғы          
30 желтоқсандағы             
N 2021 қаулысымен             
бекітілген                

Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1665 (2012.08.04 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ауысымның, станцияның, тораптың, учаскенің, бөлімшенің, экспедицияның бастығы
      Мұрағат, кітапхана, бюро (анықтама, көшіру-көбейту, машинкамен басу, ақпараттық), топ, кабинет, зертхана, шеберхана, қабылдау бөлмесі, пункт, қойма, шаруашылық, мұражай, касса, өндіріс меңгерушісі
      Мұрағатшы
      Кітапханашы
      Диспетчер
      Инспектор (іс жүргізу жөніндегі, рұқсат беру бюросы, кіру режимі, касса жұмысы жөніндегі)
      Нұсқаушы
      Кодтаушы
      Кодификатор
      Комендант
      Зертханашы
      Әдіскер
      Машинистка (шетел мәтіндерімен жұмыс істейтін диктофондық топтың, редакцияның, бюроның, стенографистка)
      Механик (дыбыстық жабдықтарға, тарату техникаларына, телевизия жабдықтарына, дизельдік үй-жайға қызмет көрсету жөніндегі)
      Оператор (бейне жазудың, дыбыс жазудың, көшіру–көбейту машиналарының, телетайптың, телефакстың, телекстің, радионың, электрондық-есептегіш машиналардың, компьютерлік техниканың (бағдарламалардың), компьютерлік қондырғыларға қызмет көрсету жөніндегі, байланыс жүйелерінің, қауіпсіздік қызметінің)
      Тіркеуші
      Редактор
      Хатшы (-машинистка, -стенографистка, соттың, басшының)
      Статистик
      Стенографист
      Техник
      Фотосуретші
      Экспедитор.