Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алушылар бойынша орталықтандырылған деректер базасын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1468 P991468_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтағы "деректердің" деген сөздің алдынан "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі - ЗТМО)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі ЗТМО-мен орталықтандырылған деректер базасын құру жөніндегі
мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасассын".
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЗТМО-ның
орталықтандырылған деректер базасын құру үшін қажетті қосымша жабдықтар
сатып алуды жүзеге асырсын".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.