Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 желтоқсан N 1959

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Z952688_ заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бекітілген штат саны лимитінің шегінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау саласындағы олардың функцияларын жаңадан құрылған Комитетке берумен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін қайта ұйымдастыра отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті құрылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.22. N 623
               қаулысымен. P000623_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің негізгі міндеттері өз құзыретінің шегінде:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметаларын жасаудың және бекітудің дұрыстығын, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануын, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орындау үшін бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын;
      қаржылық рәсімдердің сақталуы бөлігінде жергілікті бюджеттердің әзірленуін және атқарылуын;
      заемшылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен тартылған мемлекеттік заемдарды, мемлекеттік емес заемдарды және бюджеттік несиелерді мақсатты пайдалануын және қайтаруын;
      мемлекеттік кәсіпорындардың пайданың үлестерін тиісті бюджеттерге толық және уақытылы аударуын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекеттік үлесіне кірістердің және акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің есептелуін бақылауды жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзімде

заңдарда белгіленген тәртіппен:
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті 
туралы ережені әзірлесін және бекітуге ұсынсын;
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы 
қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.